28.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Аустралияда UFC турнирінің басты жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Аустралияда UFC турнирінің басты жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

28 қыркүйекте Аустралияның Перт қаласында UFC Fight Night 260 турнирі өтті. Басты шайқаста жартылай ауыр салмақтағы жаңа зеландиялық Карлос Ульберг пен америкалық Доминик Рейес төбелесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек бірінші раундта Ульбергтің нокаутпен жеңісімен аяқталды.

Бұл Ульбергтің қатарынан тоғызыншы жеңісі. Еншісінде 12 жеңіс пен бір жеңіліс бар. 34 жастағы файтер дивизионның келесі чемпиондық атағы үшін басты үміткер.

Рейес бесінші рет жеңіліске ұшырады.