Оқу уақыты: 1 мин

AVULUS Тоқпановтың командасын FISSURE Universe плей-инінде жеңді

AVULUS Тоқпановтың командасын FISSURE Universe плей-инінде жеңді

FISSURE Universe: Episode 5 Dota 2 турнирінің Play-In кезеңінің төменгі тобында AVULUS командасы Тәмір «Daze» Тоқпановтың OG құрамасын 2:1 есебімен жеңді.

Үш карталық серия AVULUS жеңісімен аяқталды, енді олар төменгі топтың келесі кезеңінде Runa Team командасымен кездеседі — матч бүгін кешке өтеді.

FISSURE Universe: Episode 5 онлайн турнирі 12-18 мамыр аралығында өтуде — Play-In кезеңінің жеңімпаздары маусым айының соңында өтетін турнирдің негізгі кезеңіне екі жолдама алады.

  • Бірінші карта: AVULUS 32 минутта жеңіске жетті (30-14)
  • Екінші карта: OG 31 минутта жеңді (27-12)
  • Шешуші карта: AVULUS 39 минутта жеңіске жетті (49-11)