Оқу уақыты: 1 мин

Австралиялық Делла Маддалена UFC-дің жаңа чемпионы атанды

Австралиялық Делла Маддалена UFC-дің жаңа чемпионы атанды

Монреальде өткен UFC 315 турнирінің басты жекпе-жегінде Джек Делла Маддалена (18-3) мен Белал Мұхаммад (24-4) кездесті, деп хабарлайды Shaiba.kz.

Жартылай орта салмақтағы бес раундтық титулдық жекпе-жек күтпеген нәтижемен аяқталды — австралиялық үміткер төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетіп, АҚШ өкілінің чемпиондық белбеуін тартып алды.

Айта кетейік, дивизион рейтингінің екінші орнында жеңілмеген қазақстандық жауынгер Шавкат Рахмонов (19-0) тұр — титулға басты үміткер жарақатына байланысты өз жоспарларын кейінге қалдыруға мәжбүр болды.