18.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Авангардқа» алты жылдан кейін Ансель Галимов оралды

«Авангардқа» алты жылдан кейін Ансель Галимов оралды

Омбының «Авангард» клубы Ансель Галимовпен келісімшарт жасасқанын хабарлады — клубтың телеграм-арнасы жазады. 34 жастағы шабуылшымен келісім бір маусымға жасалған.

Шабуылшы «қыран» сапына екінші рет оралып отыр — бұған дейін ол 2017-2019 жылдары омбылық клуб үшін өнер көрсеткен. Өткен маусымда Галимов мәскеулік «Спартак» сапында 57 тұрақты чемпионат ойынында 26 ұпай (14 гол + 12 пас) жинап, пайдалылық көрсеткіші «+18» болды.

Плей-офф кезеңінде тәжірибелі шабуылшы 11 кездесуде екі шайба салды. КХЛ-дегі мансабында хоккейші плей-офф ойындарын қоса есептегенде 679 матч өткізіп, 226 ұпай (117 шайба + 109 нәтижелі пас) жинады.