09.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Аустралиялық нокаутер Париждегі әділетсіздік үшін Баходир Жалоловтан ақысын алмақшы

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін аустралиялық Теремоана Джуниор (6-0, 6 КО) кезекті жеңісіне қол жеткздн, — деп хабарлайды Бірінші бол.

Бродбичте (Аустралия) өткен Gold Coast Convention Centre турнирінде Теремоана неміс боксшысы Осасу Отобомен (11-2-1, 5 КО) кездесті. Айқас алты раундқа есептелгенімен, бірінші раундта-ақ аяқталды. Теремоана қарсыласын небәрі 60 секунд ішінде ұрып құлатты.

Осылайша, аустралиялық нокаутер кәсіпқой бокста алтыншы жекпе-жегінде жеңіске жетсе, Отобо екінші рет жеңіліс тапты.

Бұл кездесу алдында Теремоана өзбек Баходир Жалоловпен (14-0, 14 КО) реванш өткізуді қалайтынын айтқан болатын. Бұл екеуінің Париж олимпиадасының ширек финалында жолдары түйіскен еді. Сол кезде айқас 5:0 есебімен Жалоловтың пайдасына шешілді. Алайда, аустралиялық бұл шешіммен келіспейді.

«Реванш болғанын қалаймын, себебі Олимпиадада мен жеңіске жеттім деп санаймын. Маған аздаған уақыт беріңіз, біз міндетті түрде кәсіпқой бокста реванш өткіземіз. Мен мұны асыға күтемін», — деді Теремоана Boxing News-ке берген сұхбатында.

Қос боксшы да кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген және барлық жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.