Оқу уақыты: 1 мин

Aurora Gaming BLAST Slam III турнирінде қатарынан үшінші рет жеңілді

Aurora Gaming BLAST Slam III турнирінде қатарынан үшінші рет жеңілді

Копенгагенде өтіп жатқан BLAST Slam III Dota 2 турнирінің топтық кезеңінде Мирослав «Mira» Колпаковтың Aurora Gaming командасы Gaimin Gladiators-тан жеңілді — матч небәрі 30 минутқа созылды.

Aurora Gaming А тобында қиын жағдайға тап болды — команда үш кездесуде де жеңіліп, соңғы орынға түсті. Топта Team Falcons пен Gaimin Gladiators алты ұпайдан жинап, көш бастап тұр.

BLAST Slam III турниріне он команда қатысып, 750 мың доллар жүлде қорын сарапқа салуда. Жарыс 11 мамырда аяқталады.