19.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Aurora Gaming 8 жастағы қазақстандық киберспортшымен келісімшарт жасасты

Aurora Gaming 8 жастағы қазақстандық киберспортшымен келісімшарт жасасты

Aurora Gaming киберспорт ұйымы Әділ «ShaLun» Советовпен келісімшарт жасағанын жариялады — сегіз жастағы талант клуб тарихындағы ең жас ойыншы атанды.

Жас киберспортшы Counter-Strike ойынын бес жасынан бастады — оның өнері ESL және FACEIT қауымдастығы мен кәсіби командалардың назарын аударды.

«ShaLun — киберспортта жастың маңызды емес екенін көрсететін үздік мысал. Біз оған команда, жаттықтырушылар және дұрыс экожүйе ұсынамыз. Ал әрі қарай — кім біледі: мүмкін дәл осы бала жақын арада мейджор кубогын көтеріп, интернетті дүр сілкіндіретін хайлайттардың кейіпкері болар», — деді Aurora Gaming CEO-сы Адалят Мамедов.

Ұзақ мерзімді келісімшарт аясында ұйым ойыншыға:

  • CS2 кәсіби мамандарының тәлімгерлігін
  • Техникалық қолдауды
  • Білім беру бағдарламасын
  • Медиалық дағдыларды дамытуды қамтамасыз етеді