03.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Audi тарихи жарыс көліктерін сату бағдарламасын бастады

Audi тарихи жарыс көліктерін сату бағдарламасын бастады

Audi компаниясы «Racing Legends Project» деп аталатын жаңа бастаманы таныстырды — бағдарлама аясында бренд өзінің әйгілі жарыс көліктерін қалпына келтіріп, сатылымға шығармақ.

Нойбург-ан-дер-Донаудағы Audi Sport штаб-пәтерінде өткен тұсаукесерде алғашқы екі модель көрсетілді:

  • R18 e-tron quattro (2012) — Лоик Дюваль, Ромен Дюма және Марк Жене мінген көлік Спадағы жеңіспен ерекшеленеді;
  • RS5 DTM (2015) — бұл көлікпен Тимо Шайдер DTM финалында жеңіске жеткен.

Компания шассилерді түпнұсқа бөлшектермен, жоғары стандарттарға сай және толық жұмыс күйінде қайта қалпына келтіретінін мәлімдеді.

Бағдарламаға сондай-ақ:

  • техникалық қолдау,
  • қосалқы бөлшектермен қамтамасыз ету,
  • жарыс жолында көліктердің жұмыс істеуін қадағалау кіреді.

Қалпына келтірілген алғашқы көліктерді клиенттерге жазда жеткізу жоспарланып отыр.