Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Аударыспақтан Азия чемпионатында ел құрамасы топ жарды

Алматы облысындағы Талғар ауданында 20-22 сәуір күндері аударыспақтан IV Азия чепионаты өтті, деп хабарлайды Sport12.kz.

Алты салмақ бойынша жүлделер сарапқа салынған сары құрлық додасында 6 отандасымыз чемпион атанды.

Атап айтсақ 60 келіде Серғазин Азамат, 70 келіде Ләтіпбек Алмат, 80 келіде Расул Құрайыш, 90 келіде Рахматулла Есімхан, 100 келіде Ізбасаров Сырым, 100+ келіде Қосалиев Біржан алтыннан алқа тақты.

Айта кетейік, байрақты бәсекенің алтын жүлдегерлеріне – 700 000 теңге, күміс жүлдегерлеріне – 500 000 теңге, қола жүлдегерлеріне – 300 000 теңге сыйақы