04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Атыраулық хоккейші Пиниди «Бейбарысқа» оралды

Атыраулық хоккейші Пиниди «Бейбарысқа» оралды

Shaiba.kz хабарлауынша, атыраулық хоккей мектебінің тәрбиеленушісі Данила Пиниди көкшетаулық «Арланнан» туған «Бейбарысқа» оралды.

Жиырма жастағы шабуылшы «Арланда» жалгерлік негізінде өнер көрсетті — тұрақты чемпионатта 40 ойын өткізіп, 3 шайба соғып, 2 нәтижелі пас беріп, 5 ұпай жинады.

Плей-офтағы жалғыз ойында хоккейші ешқандай нәтижелі әрекет көрсете алмады.