27.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Атырауды» жеңген «Каспий» турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты

«Атырауды» жеңген «Каспий» турнирлік кестедегі жағдайын жақсартты

26 қыркүйек, жұма күні Қазақстан футзал чемпионатында жалғыз ойын өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнирде үш кездесуден кейін бар болғаны бір ұпай жинаған «Каспий» өз алаңында көш басындағы «Атырауды» қабылдады.

Қарсыластар мәртебесіне қарамастан, алаң иелері сенімді жеңіске жетті – 3:1 (1:1). Бұл «Каспийдің» маусымдағы алғашқы жеңісі болды.