04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Атырау» рейстің тоқтатылуына байланысты Ақтөбеге автобуспен аттанды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Атырау» рейстің тоқтатылуына байланысты Ақтөбеге автобуспен аттанды

«Атырау» футбол клубының бас директоры Дидар Сыдықбек ҚПЛ-дің 15-турындағы «Ақтөбеге» қарсы сырт алаңдағы ойынға команда автобуспен баруға мәжбүр болғанын мәлімдеді. Бұған әуе рейсінің тоқтатылуы себеп болған.

– Бізге онсыз да оңай емес, енді міне мынадай жағдай. Неліктен екенін білмеймін, бірақ Ақтөбеге қатынайтын рейс екі рет кейінге шегерілді, ал жақында мүлде тоқтатылды. Ұшақпен 40 минутта жетуіміз керек еді, енді 10 сағат автобуспен жүруге тура келеді. «Kazakh Air»-ға рахмет. Бұл жай ғана кездейсоқ жағдай деп үміттенемін, – деді Сыдықбек.

«Атырау» мен «Ақтөбе» арасындағы кездесу ертең сағат 20:00-де Ақтөбеде өтеді. Тур басталар алдында «Атырау» 5 ұпаймен турнир кестесінің соңында келеді, ал «Ақтөбе» 29 ұпаймен үшінші орында тұр.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!