20.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Атырау» қақпашы Арсен Сиукаевпен қоштасты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Атырау» қақпашы Арсен Сиукаевпен қоштасты

Футбол клубы «Атырау» ресейлік қақпашы Арсен Сиукаевпен келісімшарттың бұзылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Биылғы маусымда Сиукаев Қазақстан Премьер-лигасында 10 матч өткізіп, 23 гол жіберіп алды. Тағы үш кездесуде қосалқы құрамда болды.

14 турдан кейін «Атырау» турнир кестесінде соңғы орында тұр. Команда бар болғаны 4 ұпай жинаған (1 жеңіс, 1 тең ойын). Доп айырмашылығы – 9:33.

Бұған дейін клуб бірнеше легионермен де қоштасқан: қорғаушылар Фахриддин Ахтамов, Матеус Барбоса, Гиорги Гадрани, Гиа Чадунели және жартылай қорғаушылар Гильерме Перейра, Евгений Козлов пен Никита Капленка.