28.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Атырау» мен «Оқжетпес» арасындағы матч тең нәтижемен аяқталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Атырау» мен «Оқжетпес» арасындағы матч тең нәтижемен аяқталды

Қазақстан Премьер-Лигасының 14-туры аясында өткен ойында «Атырау» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдап, матч 0:0 есебімен тең аяқталды.

Бастапқыда допқа иелік ету қонақтардың еншісінде болғанымен, көп ұзамай бастаманы «Атырау» қолға алды. Алаң иелері бірінші таймда да, үзілістен кейін де бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырып, қысымды күшейтті. Алайда сан мәрте шабуыл жасағанымен, есеп ашуға мүмкіндік болмады.

Бұл кездесуден кейін «Атырау» 5 ұпаймен турнир кестесінің соңғы сатысында қалып отыр. Ал «Оқжетпес» 21 ұпай жинап, ҚПЛ көш басындағы командалар қатарында тұр.