19.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Атыраудың» бұрынғы басшысы «Тобылға» ауысады

Meta-ratings.kz ақпараты бойынша, «Атырау» ФК-нің бұрынғы басшысы Әлішер Әпсәлямов қостанайлық «Тобылға» ауысуға дайындалуда.

Белгілі болғандай футбол-функционері клубтың спорт директоры қызметін атқаруы мүмкін, бұл оның мансабындағы маңызды қадам болмақ.

Бұл тағайындауға дейін Әпсәлямов «Атыраудың» бас-менеджері қызметінде көзге түсті. Оның қызмет тізіміне сондай-ақ, «Кардифф» пен «Қайрат» клубтарындағы жұмысы кіреді.