10.04.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Атырауда» жаңа стадион салынады

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Атырауда» жаңа стадион салынады

«Атырау» футбол клубы заманауи жаңа стадионға ие болады. Құрылысқа қажетті барлық рұқсаттар министрлік тарапынан берілген.

Стадионның құрылысы 25–30 сәуір аралығында басталады деп жоспарлануда. Жаңа арена 12 мың көрерменге арналған болады.

Құрылыс жұмыстары 2026 жылға дейін толық аяқталады деп күтілуде.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!