27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Атырау» жаңа бюджеттік шектеулерге байланысты шабуылда күшейту іздеуде

Sportplustv.kz мәліметінше «Атырау» ФК-нің бас бапкері Константин Горовенко команда үшін жаңа шабуылшы іздестіріліп жатқанын хабарлады.

«Шабуылшы іздеп жатырмыз, тағы бір жаңа ойыншы келуі мүмкін. Қазақстандағы жағдай биыл ерекше — бюджеттен легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынған сондықтан құрамды жасақтау мен жұмысты жоспарлауда қиындықтар бар.»

Өткен маусымда атыраулық клуб ҚПЛ-да жетінші орынды иеленіп сондай-ақ Қазақстан Кубогының финалдық матчында «Ақтөбеден» 1-2 есебімен жеңілгенін еске сала кетейік. Елдегі трансфер терезесі 4-ші сәуірге дейін ашық.