12.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Атырау» мен «Қайрат» матчтарды өткізу орнын ауыстыруға келісті

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Атырау» мен «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасындағы өзара ойындарының өткізу орнын өзгерту туралы келісімге келді.

Келісім бойынша, сәуір айының басында Алматыда өтуі тиіс болған 4-турдағы «Қайрат» – «Атырау» матчы «Мұнайшы» стадионында өтеді.

Ал 16-турдағы кездесу шілде айына жоспарланған еді, бірақ «Қайраттың» Чемпиондар лигасының іріктеуіне қатысуына байланысты 16 сәуірге ауыстырылды. Бұл матч енді Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді.

Осылайша, сәуір айында «Атырау» мен «Қайрат» Премьер-лига аясында екі рет кездеседі – алдымен Атырауда, кейін Алматыда.