Оқу уақыты: 1 мин

«Атырау» футболшысы ҚПЛ-да мерейтойлы матч өткізді

«Атырау» футболшысы ҚПЛ-да мерейтойлы матч өткізді

«Атыраудың» 27 жастағы жартылай қорғаушысы Ринат Жұматов «Астанаға» қарсы ойында (1:2) Премьер-лигада 100-ші ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Атырау футболының түлегі Ринат Жұматов 2018 жылы 11 наурызда Павлодарда өткен «Ертіске» қарсы ойында (1:2) Атырау сапында алғашқы ойынын өткізді. Ол 85-минутта Марат Хайруллиннің орнына шықты. Ол бүгінге дейін «Атырау» сапында барлығы 87 кездесу өткізіп, 2 гол соққан.

Қазақстан Премьер-лигасында барлығы 100 матч өткізіп, 2 гол соққан.