24.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Атырау» футболшылары чемпионат алдында Түркиядағы жиындарын аяқтады

«Атырау» футбол клубы Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарын аяқтап, туған қаласына оралды.

«Мұнайшылар» Антальяда екі кезеңдік дайындықтан өтті, оның соңғысы 10-22 ақпан аралығында өтіп, үш бақылау матчымен аяқталды. Енді команда маусымға дайындықты өз алаңында жалғастырады.

Клуб жаңа маусымдағы алғашқы кездесуін 1 наурыз күні «Елимайға» қарсы өткізеді. Өткен маусымда «Атырау» Премьер-лигада 7-орын алып, Қазақстан Кубогының финалына дейін жеткен болатын, алайда шешуші ойында «Ақтөбеге» 1:2 есебімен жол берді.