Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Атырау» футбол клубы мемлекет меншігіне қайтарылды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Атырау» футбол клубы мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл шешімді Атырау облысының прокуратурасы клубты басқарудағы ашықтық пен тиімділікті арттыру мақсатында қабылдаған. Бұл туралы «Орда» сайтының тілшісі хабарлайды.

2018 жылдың ақпанынан бері клуб «Профессионалды спорт клубы «Атырау» қоғамдық қорының сенімгерлік басқаруында болған.

Осы аралықта «Атырау» клубында бірнеше проблема орын алды: құрылтайшылар мен басшылықтың жиі ауысуы, спорттық нәтижелердің төмендігі, қаржыландыру мен басқару жүйесінің ашық болмауы.

Әсіресе, легионерлер санының артып, бюджеттің қалай және қайда жұмсалып жатқанының нақты көрсетілмеуі алаңдаушылық тудырды.

«Клубты мемлекеттік басқаруға қайтару — бюджет қаражатының тиімді пайдаланылуын бақылауға, сондай-ақ өңірдегі инфрақұрылымды және кадрлық әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді», — деп мәлімдеді Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Алдағы уақытта клубта бірқатар реформа жүргізілмек. Олар басқару жүйесін жаңартуға, балалар мен жасөспірімдер футболын қолдауға және болашаққа арналған нақты даму жоспарын әзірлеуге бағытталады.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!