Оқу уақыты: 1 мин

«Атырау» ФК қызметкерлері үш айдан бері жалақы алмаған

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Атырау» ФК қызметкерлері үш айдан бері жалақы алмаған

«Атырау» футбол клубының қызметкерлері үш айдан бері жалақысыз отыр. Бүгін команда ұжымы облыс әкіміне ресми жолдау жасап, мәселенің шешілуін талап етті.

Егер айдың соңына дейін еңбекақылары төленбесе, бас бапкер Константин Горовенконың шәкірттері 30 наурызда «Ақтөбеге» қарсы өтетін матчқа бойкот жариялауы мүмкін. Қазір клубтың қаржылық жағдайы күрделі күйде қалып отыр.