Оқу уақыты: 1 мин

Аты аңызға айналған Мэнни Пакьяо WBC титулын алу үшін рингке оралады

Аты аңызға айналған Мэнни Пакьяо WBC титулын алу үшін рингке оралады

46 жастағы аты аңызға айналған филиппиндік боксшы Мэнни Пакьяо кәсіпқой рингке қайта оралып, WBC тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағын алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы америкалық Марио Барриос болады.

WBC президенті Маурисио Сулейманның айтуынша, Барриос шілде айына жоспарланған жекпе-жекке дайындықты бастап кеткен.

Пакьяо кейінгі рет рингке 2021 жылдың тамыз айында шығып, төрешілер шешімімен кубалық Йорденис Угастан жеңіліп қалды. Филиппиндік мансабында 72 жекпе-жек өткізіп, 62-де жеңіске жетті (39-ын нокаутпен), 8 жеңіліске ұшырап, екі жекпе-жегін тең аяқтаған.