13.10.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ATP жаңартылған рейтингті жариялады

ATP жаңартылған рейтингті жариялады

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко ATP жаңартылған рейтингте жұптық сында орнын жақсартты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Попко 212 орынға көтеріліп, жұптық сында 871-орынды иеленді. Қазақстандық теннисшілер арасында жұптық рейтингте әлі де ең үздік болып Александр Недовесов қалып отыр — ол 274-орында.

Сонымен қатар елдің үздік бес теннисшісі қатарына Бейбіт Жукаев (360-орын, +4), Григорий Ломакин (387-орын, +18), Денис Евсеев (492-орын, -5) және Тимофей Скатов (810-орын, +5) кіреді.

Ал ерлер арасындағы жекелей сында Қазақстанның бірінші ракеткасы мәртебесін Александр Бублик сақтап қалды — ATP жаңартылған рейтингінде ол 16-орында тұр.