15.09.2025
Оқу уақыты: 1 мин

ATP ұйымы қазақстандық теннисшілердің рейтингін жаңартты

ATP ұйымы қазақстандық теннисшілердің рейтингін жаңартты

Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінің жаңартылған нұсқасы шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Әлемнің бірінші теннисшісі атағын испандық Карлос Алькарас сақтап қалды, ал үздік үштікті италиялық Янник Синнер мен неміс Александр Зверев жалғастырды.

Қазақстанның ең мықты өкілі Александр Бублик 19-шы орында. Александр Шевченко бір сатыға көтеріліп, 96-шы болды. Бейбіт Жұқаев 207-ші орында қалды, Дмитрий Попко бір сатыға көтерілді — 219-шы, Тимофей Скатов бұрынғысынша 235-ші, Михаил Кукушкин бірден 28 позиция төмендеп, 259-шы орынға түсті.