03.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

ATP рейтингінде қазақстандық теннисші Бублик күрт құлдырады

Наурыз басында ATP жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады. Тізімнің көшін әлі де италиялық Янник Синнер бастап тұр, одан кейін неміс Александр Зверев пен испандық Карлос Алькарас орналасқан.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик рейтингте бірден 31 позицияға төмендеп, 81-орынға сырғыды. Бұл оның Дубайдағы ATP-500 турнирінде ерте шығып қалуымен байланысты, өткен жылы ол бұл жарыстың финалына дейін жеткен еді.

Қазақстандық теннисшілердің арасындағы басқа өзгерістер:
— Александр Шевченко – үш саты төмендеп, 98-орында.
— Михаил Кукушкин — 27 позицияға құлдырап, 166-орынға түсті.
— Тимофей Скатов – бір орынға төмендеп, 182-орында.

Жұптық разрядта рейтинг көшбасшылары – сальвадорлық Марсело Аревало мен хорват Мате Павич, үшінші орында британдық Генри Паттен. Қазақстандықтар арасында Александр Недовесов 70-ші орынға түсті, ал Бублик жеті сатыға көтеріліп, 129-орынға жайғасты.