Оқу уақыты: 1 мин

ATP Буbликтің Туриндегі матчты әсерлі аяқтағанына тәнті болды

ATP Буbликтің Туриндегі матчты әсерлі аяқтағанына тәнті болды

ATP Challenger Tour Александр Бубликтің Туриндегі теннис турнирінің ширек финалында аргентиналық Томас Мартин Этчеверриден жеңісін атап өтті.

ATP рейтингінде 76-орында тұрған қазақстандық теннисші әлемдік рейтингтің 51-орнындағы аргентиналық спортшыны 6:2, 3:6, 7:5 есебімен жеңді — матчтың шешуші сәтін керемет қысқартылған соққымен әрледі.

«Туринде микрофонды лақтырып аяқтау», — деп ATP матчтың әсерлі аяқталуына баға берді.

Турнирдің жартылай финалында Бублик әлемдік рейтингте 71-орында тұрған неміс теннисшісі Даниэль Альтмайермен кездеседі.