19.10.2024
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалистері анықталды

хачанов

ATP 250 Almaty Open турнирінің жартылай финалистері анықталды.

Қазақстандық Александр Шевченко (61 ATP) ширек финалда аргентиналық Франсиско Серундолодан (31 ATP) екі сетте 2:6, 3:6 есебімен жеңіліп қалды.

Жартылай финалда Серундоло турнирдің екінші ракеткасы, чилилік теннисші Алехандро Табилоны (23 ATP) — 3:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтқан канадалық Габриэль Диалломен (118 ATP) ойнайды.

Тағы бір ширек финалдық кездесуде Бейбіт Жукаев (213 ATP) ресейлік Карен Хачановтан (26 ATP) ұтылды — 2:6, 4:6.

Карен Хачанов жартылай финалда 6:2, 7:6 (13:11) есебімен жарыстың бірінші ракеткасы, америкалық теннисші Фрэнсис Тиафоны (15 ATP) жарыс жолынан шығарған аустралиялық Александр Вукичпен (85 ATP) кездеседі.

Beeline Janymda. Қазақстанда ең кең таралған мобильді интернет