15.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Атлетико» Тьяго Альмаданы 25 млн еуроға сатып алуы мүмкін

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Атлетико» Тьяго Альмаданы 25 млн еуроға сатып алуы мүмкін

Мадридтік «Атлетико» Аргентина құрамасының шабуылшысы Тьяго Альмаданы қатарға қосу үшін бразилиялық «Ботафогомен» келіссөз жүргізіп жатыр. Мәміле осы жазғы трансферлік терезеде жүзеге асуы ықтимал.

24 жастағы футболшының нарықтық бағасы 25 миллион еуро деп бағалануда. Альмада — мадридтік клубтың жазғы басты трансферлік нысандарының бірі.

Биылғы жылдың қаңтарынан мамырына дейін Альмада Францияның «Лион» клубында жалға ойнады. Ол жерде 20 матчта 2 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген. Алайда қаржылық қиындықтарға байланысты француздар оның трансферлік құқығын сатып ала алмады.

Қазіргі таңда «Атлетико» сапында бес аргентиналық ойыншы бар. Олардың қатарында Джулиано Симеоне мен Хулиан Альварес сынды ұлттық құраманың шабуылшылары да бар. Альмаданың келуі клубтың шабуыл шебін күшейтіп, алдағы Ла Лига маусымына тың серпін беруі мүмкін.