01.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Атлетико қорғаушысы Франция құрамасына шақырылғанына сенбеді

Атлетико қорғаушысы Франция құрамасына шақырылғанына сенбеді

Клеман Лангле Франция құрамасына күтпеген шақыру алды — қорғаушы 2021 жылдан бері ұлттық команда сапында өнер көрсетпеген еді, деп хабарлайды Get French Football News.

«Барселонадан» жалға алынған Мадрид «Атлетикосының» ойыншысы шақыру туралы ерекше жағдайда білген.

Мен достарыммен көлікте отырғанда құрамаға шақырылғаным туралы құттықтау алдым — осылай білдім. Бұл әзіл емес пе екен деп интернеттен тексеруге тура келді

Дидье Дешам басқаратын команда маусым айында Ұлттар лигасының ойындарын өткізеді — француздар Испаниямен және Германия – Португалия жұбының жеңімпазымен кездеседі.