12.03.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Атлетико» мен «Реал» Чемпиондар лигасының шешуші матчында кездеседі

Бүгін түнде «Метрополитано» стадионында Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Атлетико» өз алаңында «Реалмен» қарымта матч өткізеді.

Мадрид дербиінің тікелей трансляциясы Астана уақыты бойынша 00:50-де «Qazsport» телеарнасында басталады. Букмекерлер алаң иелеріне аздап басымдық беріп отыр.

«Сантьяго Бернабеуде» өткен алғашқы кездесуде «Реал» 2:1 есебімен жеңіске жетті. Родриго мен Браим Диас мергендік танытып, командасына жеңіс сыйласа, «Атлетико» сапынан Хулиан Альварес есеп ашқан еді.

Өткен демалыста екі команда Ла Лига ойындарын өткізді: «Реал» «Райо Вальеканоны» 2:1 есебімен жеңсе, «Атлетико» күтпеген жерден «Хетафеге» 1:2 есебімен есе жіберді. Бұл Диего Симеоне командасының соңғы бес айдағы қатарынан екінші жеңілісі болды.