04.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Атлетико Мадрид Қазақстанға Қонаққа Келеді! QJ League All-Star Командасы Еуропалық Грантты Қабылдайды

Бакдаулет Ергали
Бакдаулет Ергали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии
Атлетико Мадрид Қазақстанға Қонаққа Келеді! QJ League All-Star Командасы Еуропалық Грантты Қабылдайды

«QJ League All-Star» командасы жаз айларында Испанияның әйгілі клубы «Атлетико Мадридпен» кездесуге дайындалып жатыр. Бірақ маңызды ерекшелік – бұл кездесуге «Атлетико Мадридтің» Қазақстандағы бөлімшесі емес, Мадридтегі академиясы қатысады.

Алғашқы жоспар бойынша, матч Ақтөбе қаласында өтеді деп белгіленген. Ақтөбе — еліміздің ең үздік жанкүйерлеріне толы аймақ ретінде, бұл ойынды қабылдауға дайын. Дегенмен, егер «Атлетико Мадрид» логистика мәселелеріне байланысты Ақтөбеге келе алмайтын болса, онда кездесу Алматы қаласында ұйымдастырылуы мүмкін.

Ойынның мақсаты тек спорттық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілікті көтеру де көзделуде. Ойын барысында екі команда мүмкіндігі шектеулі балалар үйіне көмек көрсету мақсатында әлеуметтік жоба ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, осыған дейін «QJ League All-Star» командасы алғаш рет «Супербол» командасына қарсы өткен ойында 7:1 есебімен жеңіске жеткен. Ал екінші маусымда Халықаралық деңгейдегі алғашқы ойынын «Црвена Звезда» академиясына қарсы өткізіп, 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бұл кездесулердің елімізде және әлемдік деңгейде үлкен қызығушылық туғызатындығы сөзсіз.