23.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Атлетико» – «Ботафогу»: Клубтар арасындағы әлем чемпионатына болжам (24.06.2025)

«Атлетико» – «Ботафогу»: Клубтар арасындағы әлем чемпионатына болжам (24.06.2025)

24 маусым, 00:00 (Астана уақыты)
«Роуз Боул» стадионы, Пасадена, Калифорния (АҚШ)

Клубтық әлем чемпионатының топтық кезеңінің үшінші турында «Атлетико Мадрид» пен «Ботафогу» командалары кездеседі. Букмекерлер испандық ұжымға сенім артып отыр, алайда турнир барысына қарап, ойынның өрісі біржақты болмайтыны анық.

«Атлетико Мадрид»

«Матрасшылар» турнирді сәтсіз бастады. Бірінші турда ПСЖ-дан 0:4 есебімен ойсырай жеңілді. Кей сәттерде қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен, жалпы ойындары салғырт көрінді. Маусым соңындағы шаршаңқылық пен турнирге деген немқұрайлылық байқалды.
Екінші турда Сиэтлмен болған матчта 3:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ бұл ойында да қорғаныста көп мүмкіндік беріп қойды, бұл Диего Симеоне командасы үшін үйреншікті жағдай емес.

«Ботафогу»

Бразилиялық ұжым аса қиын топқа түсті: Еуропаның екі үздік лигасының өкілдерімен ойнауға тура келді. Бірақ екі турдан кейін 6 ұпай жинап, топ көшін бастап тұр.
Алдымен Сиэтлді 2:1 есебімен жеңді, кейін ПСЖ-ны сенсациялық түрде 1:0 есебімен ұтты. Бұл ойында «Ботафогу» қорғаныста мүлтіксіз ойнап, париждіктердің шабуылдарын толық тұсаулай алды.

Жеке кездесулер тарихы

Командалар бұған дейін бір-бірімен кездескен емес.

Болжам

Бұл ойында төмен нәтижелі ойын күтіледі. «Ботафогуға» тең ойын да, тіпті минималды жеңіліс те топтан шығуға жетуі мүмкін. Сондықтан бразилиялықтар ойын қарқынын бәсеңдетіп, қорғаныста мықты ойнауға тырысады.
Ұсынылатын ставка: тотал 3 голдан аз – коэффициент 1.52.

Узнайте первыми результаты всех футбольных матчей на нашем сайте Страница результатов матча