04.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Атлетик Бильбао» Нико Уильямспен 2035 жылға дейін келісімшартты ұзартты

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Атлетик Бильбао» Нико Уильямспен 2035 жылға дейін келісімшартты ұзартты

Испаниялық жартылай қорғаушы Нико Уильямс Бильбаоның «Атлетик» клубымен жаңа ұзақ мерзімді келісімшартқа қол қойды. Баск клубының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 жастағы футболшының жаңа келісімі 2035 жылдың жазы аяқталғанға дейін жарамды.

Бұған дейінгі келісімшарт 2027 жылға дейін есептелген еді.

Айта кетейік, соңғы кездері Нико Уильямстың «Барселонаға» ауысуы мүмкін деген ақпарат жиі тараған болатын. БАҚ деректеріне сүйенсек, каталониялық клуб трансфер келіссөздерін аяқтауға жақын тұрған.

2023/24 маусымында Уильямс «Атлетик» сапында барлық турнирде 45 матч өткізіп, 11 гол соқты және 7 нәтижелі пас берді. Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 70 миллион еуроға бағалап отыр.