05.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Атақты футбол агенті Джонатан Барнеттке ауыр қылмыстар бойынша айып тағылды

Атақты футбол агенті Джонатан Барнеттке ауыр қылмыстар бойынша айып тағылды

Лос-Анджелес аудандық сотына белгілі футбол агенті Джонатан Барнеттке қарсы азаматтық талап арыз түсті — деп хабарлайды BBC.

«Джейн Доу» деген атпен сотта көрсетілген аты белгісіз талапкер, 75 жастағы Барнеттті 2017 жылы оны Австралиядан Ұлыбританияға әкетіп — алты жыл бойы еркінен тыс ұстағанын айыптайды.

Іс материалдары бойынша, олардың танысуы 1990 жылдары Лондонда болған, содан кейін қарым-қатынас онлайн жалғасқан. 2017 жылы Барнетт әйелдің балаларымен Ұлыбританияға көшуін ұйымдастырып, барлық шығындарды өтеген.

Талап арызда жәбірленуші Лос-Анджелесті қоса әртүрлі жерлерде жүйелі зорлық-зомбылыққа ұшырағаны көрсетілген. Әйел физикалық жазалау қаупінен талаптарға бағынуға мәжбүр болғанын айтады.

«Айыптаулардың ешқандай шынайы негізі жоқ және шындыққа сәйкес келмейді. Біз өзімізді табанды түрде қорғайтын боламыз. Мен толық ақталуды асыға күтемін», — деді Барнетт өз адвокаттары арқылы.