12.06.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Асу Алмабаевтің бұрынғы қарсыласы UFC 317 турниріне қатыспайды

Асу Алмабаевтің бұрынғы қарсыласы UFC 317 турниріне қатыспайды

Португалиялық файтер Манел Капе аяғының сынуына байланысты UFC 317 турнирінен бас тартуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның Брэндон Ройвалмен жекпе-жегі тоқтатылды, ұйымдастырушылар Капенің орнына жаңа қарсылас — Джошуа Ванды тапты.

Айта кетейік, UFC 317 турнирі 29 маусымда Лас-Вегаста өтеді. Ройвалдың мансабында 17 жеңіс пен 7 жеңілісі бар, ал Ванның кәсіби мансабында 14 жеңіс пен екі жеңілісі бар.