27.02.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Асу Капені партерге түсірсе, жеңіске жету мүмкіндігі жоғарлайды – комментатор Исатай Мәдиев

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

2 наурызда UFC Vegas 103 турнирінде Асу Алмабаев UFC мейн-ивентінде өнер көрсететін алғашқы қазақстандық спортшы атанады. Кештің басты жекпе-жегінде ол рейтингте 6-орында тұрған Манель Капемен кездеседі. Бұл айқасқа Асу жарақат алған Брэндон Ройвалдың орнына шығады.

Алмабаев үшін бұл – жеңіл салмақ дивизионының элитасына кіруге үлкен мүмкіндік. Қазіргі уақытта оның UFC-дегі рекорды – 4-0, және ол жеңісті серияда келе жатыр. Дегенмен, бұл кездесуде Капе фаворит саналады.

Спорттық комментатор Исатай Мәдиев Sport Pulse порталына алдағы жекпе-жекке қатысты пікірін айтты:

Капе несімен қауіпті?

Асу рейтингте 8-орнында тұрғанымен, оның қарсыласы медиа тұрғысынан танымал, әрі бұған дейін қазақстандық Жалғас Жұмағұловты жеңген. Манель Капе – нокаутшы, оның 12 ерте аяқталған жекпе-жегі бар, бұл оны дивизиондағы ең қауіпті соққыға ие жауынгердің бірі ретінде көрсетеді.

Алмабаевтың мүмкіндіктері

Манель Капе – Батыс жанкүйерлері үшін танымал әрі тартымды спортшы, оның жекпе-жектері қызықты өтеді, нокауттары көп. Сондықтан оны фаворит деп есептейді. Бірақ Асудың тамаша күрес техникасы бар, ол жекпе-жекті бақылауға алып, Капенің жоспарын бұза алады. Басты мәселе – бес раундқа функционалды дайындығы жеткілікті бола ма? Егер ол Капені торға қысып, партерге түсіре алса, жеңіске жету мүмкіндігі жоғары.

Жекпе-жекті қайда және қашан көруге болады?

  • UFC-дің ресми сайтында
  • Турнирдің басталуы – 02:00
  • Басты кард – 05:00
  • Асудың жекпе-жегі – 07:00 (шамамен)

Басты сурет: ©UFC