24.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Асу Алмабаев Тайландтағы жаттығу жиынын аяқтады

IMG 9170

Асу Алмабаев Тайландтағы жаттығу жиынын аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz 

Енді ол Майамиге аттанады. Бұл туралы қазақстандық жауынгер әлеуметтік парақшасында жариялады:

«Тhailand еліндегі оқу-жаттығумыз өз мәресіне жетті , келесі Miami қаласында @killcliff_fc залында жалғастырамыз» – деп жазды Алмабаев.

Қазақстандық спортшы келесі жекпе-жегін 2 наурыз күні UFC Vegas 103 турнирінде өткізеді. Асу рейтингте 9-орында тұрған аустралиялық Стив Эрцегпен шайқасады.