Оқу уақыты: 1 мин

Асу Алмабаев шілде айында Абу-Дабиде жекпе-жек өткізеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Асу Алмабаев шілде айында Абу-Дабиде жекпе-жек өткізеді

Қазақ файтері Асу Алмабаевтың келесі қарсыласы белгілі болды. Оның менеджері Базровтың айтуынша, жекпе-жек шілде айына жоспарланған, өтетін орны – Абу-Даби. Қарсылас – тәжірибелі Рамазан Теміров.

«Иә, біз бұл жекпе-жекке ұсыныс алдық. Қарсылас мықты, көрші елдің жігіті. Асуға оңай болмайды, бірақ біз бұл кездесуге жан-жақты дайындаламыз. Қазірше бәрі жоспар бойынша жүріп жатыр, бірақ қандай да бір өзгеріс болуы мүмкін екенін де ұмытпаған жөн», – деді Базров.

Жекпе-жектің нақты күні жақын күндері жарияланбақ.