28.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

Асу Алмабаев 1 наурызда жекпе-жекке шықпайды — дереккөз

Шетелдік дереккөздер мәліметінше, аса жеңіл салмақтағы UFC өкілі Асу Алмабаев (21-2) австралиялық Стив Эрцегке (12-3) қарсы айқасын өткізе алмайды. Бұл туралы 1bol.kz жазды.

Екеуара жекпе-жек 1 наурыз күні Лас-Вегаста UFC Fight Night 253 турнирінің аясында өтуі керек еді. Алайда Octagon Update Алмабаевтың бұл кездесуден бас тартқанын алға тартты. Әзірге спортшының мұндай қадамға баруының себебі белгісіз. Қазір оның орнына өзге спортшы қарастырылып жатқан көрінеді.

Айта кетейік, Асу Алмабаев аса жеңіл салмақ дивизионында 8-орында келеді. Ал Стив Эрцег 9-орында тұр.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!