Оқу уақыты: 2 мин

Астон Вилла – Тоттенхэм: АПЛ ойынына болжам (16.05.2025)

Астон Вилла – Тоттенхэм: АПЛ ойынына болжам (16.05.2025)

2025 жылғы 16 мамыр күні сағат 23:30-да Астана уақытымен Англия чемпионаты аясында «Астон Вилла» – «Тоттенхэм» матчы өтеді. Букмекерлер бұл кездесуде алаң иелерін айқын фаворит санайды. Командалардың қазіргі формасын, мотивациясын қарастырып, матчқа өз болжамымызды ұсынамыз.

Астон Вилла

Унаи Эмери жаттықтыратын команда тамаша формада. Маусымның алғашқы жартысындағы сәтсіздіктерге қарамастан, команда көшбасшылар тобына қайта оралды. «Арыстандар» чемпионаттағы соңғы 8 матчтың 7-еуінде жеңіске жетіп, тек сырт алаңда «Манчестер Ситиге» 90+4 минутта гол жіберіп, 1:2 есебімен ұтылды. Қазіргі таңда «Астон Вилла» Чемпиондар лигасына жолдама алу үшін күресіп жатыр және осы маусымда бұл турнирде өзін жақсы қырынан көрсетті. Клуб Премьер-лига турнирлік кестесінде алтыншы орында тұр және «Челсиден» тек гол айырмашылығы бойынша ғана қалып келеді.

«Астон Вилла» өз алаңында оңайлықпен жеңілмейді. Маусымдағы 18 үй матчында «арыстандар» тек бір рет, маусым басындағы алғашқы үй кездесуінде «Арсеналдан» ұтылған. Сол уақыттан бері Унаи Эмери шәкірттері Премьер-лигада өз алаңында қатарынан 17 матчта жеңілмеді.

Тоттенхэм

«Тоттенхэм» туралы осы маусымда нақты бір баға беру қиын. Команда тұрақсыз әсер қалдырады. Маусым бойы жарақаттардан көп зардап шекті.

Есесіне Еуропа лигасында бар күшін салып, финалға дейін жетті. Онда олар Англия чемпионатының тағы бір көңіл көншітпеген командасы – «Манчестер Юнайтедке» қарсы ойнайды. Осыған байланысты клуб бар күшін алдағы еурокубоктық финалға сақтап отыр. Соңғы 5 турда «Тоттенхэм» 4 рет жеңіліп, бір мәрте тең түскен. Нәтижесінде команда турнирлік кестеде 17-орынға түсіп қалды, бірақ үш әлсіз қарсылас болғанының арқасында төменгі лигаға түсіп қалудан аман қалды.

Статистика және өзара кездесулер

Соңғы бес өзара кездесуде «Астон Вилланың» басымдығы байқалады – 3 жеңіс, «Тоттенхэмде» – 2. Биылғы маусымда қарсыластар екі рет кездескен. Бірінші айналымда «Тоттенхэм» өз алаңында «Астон Вилланы» 4:1 есебімен ойсырата жеңді. Бірақ ол кезде «Астон Вилла» дағдарысқа ұшыраған болатын. Кейін кубоктық матчта олар 2:1 есебімен кек қайтарды.

Болжам

«Астон Вилла» – «Тоттенхэм» матчына жасалатын болжам: алаң иелерінің жеңісі. «Хоступ» ішкі біріншіліктегі нәтижелерге аса мән бермей, маусымды аяқтауға дайындалып жатыр. Ал «Астон Вилла» керісінше, Чемпиондар лигасына жолдама алу үшін барын салып ойнауда. Сондай-ақ, Постекоглу бұл матчқа негізгі құрамды шығармауы әбден мүмкін.

Осы жағдайды ескере отырып, «Астон Вилланың» жеңісіне (-1) форамен жасалатын бәс тігу (коэффициент – 1.64) жақсы нұсқа болмақ.

Біздің парақшамыздағы барлық футбол матчтарының нәтижелерін бірінші болып біліңіз Тікелей нәтижелер