05.08.2025
Оқу уақыты: 1 мин

«Астананың» тағы бір матчы кейінге шегерілді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
«Астананың» тағы бір матчы кейінге шегерілді

Қазақстан Премьер-Лигасының 20-туры аясында 10 тамызда өтуі тиіс болған «Тобыл» — «Астана» кездесуі 19 қыркүйекке ауыстырылды. Бұл шешім қос клубтың келісімімен қабылданды.

Алайда бастапқыда «Тобыл» матчты кейінге шегеруге келіспеген. Дегенмен жағдайға жоғары басшылық араласқаннан кейін, қостанайлық клуб ойынның жаңа күніне келісім беруге мәжбүр болғаны белгілі болды.

Айта кетейік, бұған дейін де «Астананың» ҚПЛ-дегі «Қайсарға» қарсы 19-турдағы ойыны кейінге қалдырылған еді. Клубтың Еурокубоктағы жүктемесі мен тығыз кестесі себеп болуы мүмкін.

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!