Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

«Астананың» ойыншысы мансабын Израиль чемпионатында жалғастырады

Ганалық жартылай қорғаушы Барнс Осей мансабын Израиль чемпионатында жалғастырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

30 жастағы футболшы қазір ел чемпионатында оныншы орында келе жатқан «Бней-Сахнин» клубымен келісімшартқа отырды.

Барнс Осейдің кейінгі клубы «Астана» болды. Қазақстан Премьер-Лигасының 2024 жылғы маусымында ганалық 14 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді.

Сондай-ақ кәсіби мансабында Осей португалиялық «Пасуш де Феррейра», «Униан Мадейра», «Арока» және «Академикада» (Коимбра), кипрлік «Неа Саламина» және грузиндік «Динамо» (Тбилиси) командаларында ойнады.