28.01.2025
Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

«Астананың» бұрынғы ойыншысы «Пюникке» ауысты

«Астананың» 32 жастағы бұрынғы қорғаушысы Вараздат Ароян Арменияның «Пюник» командасына ауысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Вараздат Ароян «Астана» сапында 2021 және 2023 жылғы маусымда өнер көрсетті. Ол команда да барлығы 44 кездесу өткізген.

Қорғаушы бұған дейін «Пюник» сапында 2009-2016 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Ойыншы сонымен қатар испаниялық «Кадис», Кипрлік «Анортосис», Қытайдың «Циндао Вест Кост», сондай-ақ ресейлік «Тамбов» пен «Уралда» ойнаған.