22.12.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Астаналық ұжым еуропалық футболшымен жаңа келісімшартқа отырды

Астаналық ұжым еуропалық футболшымен жаңа келісімшартқа отырды

Босниялық футболшы Иван Шараванья «Жеңіс» клубымен келісімшартын ресми түрде ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz. 

29 жастағы қорғаушының жаңа келісімшарты 2026 жылдың соңына дейін жарамды болады.

Өткен маусымда Иван «Жеңіс» құрамында 20 матчқа қатысып, бір гол соқты. Ал астаналық клуб 36 ұпай жинап, турнир кестесінде алтыншы орынға жайғасты.

Шараванья босниялық «Широки-Бриег» академиясының түлегі. Кәсіби мансабын 2016 жылы аустриялық «Адмира Ваккер Медлинг» клубында бастаған. Сондай-ақ ол Аустрияның «Аустрия Клагенфурт», кипрлік «Акритас Хлоракас» және өзі түлеп ұшқан «Широки-Бриег» клубтарында ойнаған. Ал Қазақстанда «Елімай» командасында 14 матч өткізген.