Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Астанаға УЕФА президенті Александер Чеферин ресми сапармен келеді

Досымжан Науханов
Досымжан Науханов
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

25 сәуірде Астанаға УЕФА президенті Александер Чеферин ресми сапармен келеді. Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Sport Pulse YouTube арнасына берген сұхбатында хабарлады.

Оның айтуынша, бұл сапар Қазақстан футболы күніне орайластырылып отыр және ҚФФ пен УЕФА арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болмақ.

«Бұған дейін Чеферин Қазақстанда болған – ол «Қайрат» клубының академиясына жеке сапармен келген. Бұл жолы сапар ресми түрде өтеді. Бағдарлама аясында ол Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Қазақстан футбол федерациясы барады. Сол жерде брифинг пен келіссөздер өтеді», – деді Нұрсұлтан Құрман.

Жаңалыққа толы болған сұхбаттың толық нұсқасын Sport Pulse Youtube-арнасында көруге болады.

Басты сурет: Reuters

Біздің парақшамыздан футбол матчтарының барлық нәтижелерін Live форматта бірінші болып біліңіз!