07.07.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Астанадағы Әлем кубогында қазақстандық боксшылар 16 медаль жеңіп алды

Астанадағы Әлем кубогында қазақстандық боксшылар 16 медаль жеңіп алды

Астанада World Boxing ұйымының қолдауымен өткен бокстан Әлем кубогында Қазақстан ұлттық құрамасы керемет нәтиже көрсетті — спортшылар 16 медаль жеңіп алды.

Құрама қоржынына алтын медальдарды: Санжар Ташкенбай (50 кг), Махмұд Сабырхан (55 кг), Сабыржан Аққалықов (75 кг), Бекзат Нұрдәулетов (85 кг), Айбек Оралбай (90+ кг), Назым Қызайбай (48 кг), Виктория Графеева (60 кг) және Наталья Богданова (70 кг) салды.

Күміс жүлдегерлер қатарында: Нұрбек Оралбай (80 кг), Алуа Балкибекова (51 кг), Надежда Рябец (75 кг) және Елдана Талипова (80+ кг) бар.

Өз жерімізде өткен турнирде қола жүлдегерлер атанғандар: Ертуған Зейнуллинов (65 кг), Сағындық Тоғамбай (90 кг), Айдана Забынбекова (57 кг) және Аида Әбікеева (65 кг).