Оқу уақыты: 1 мин
5.0 Рейтинг
0 Комментарии

Астанада Virtus теннисінен әлем чемпионаты өтеді

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
5.0 Рейтинг
21 Комментарии

2025 жылдың 3–11 мамыр аралығында Астанадағы «Даулет» теннис орталығында интеллектуалды даму ерекшелігі бар спортшылар арасында Virtus теннисінен әлем чемпионаты өтеді. Жарыс Федерация спорта ЛИН қолдауымен ұйымдастырылады.

Бұл турнир Орталық Азияда алғаш рет өтеді. Чемпионатқа Қазақстан, Ұлыбритания, Бельгия, Аустралия, Польша, Италия, Үндістан және Франциядан келген спортшылар қатысады.

Жарыстар жекелей, жұптық және командалық түрде өтеді. Спортшылар үш түрлі санатта бақ сынайды: II1, II2 және II3.

Virtus президенті Марк Труффо бұл жарысты инклюзивті спорт үшін маңызды қадам деп атап өтті.
Федерация спорта ЛИН басшысы Дина Темірғалиева Қазақстанның осындай маңызды оқиғаны қабылдап жатқанына қуанышты екенін айтты.

Virtus — интеллектуалды дамуы ерекше адамдарға арналған спортты дамытатын халықаралық ұйым. Оған әлемнің 100-ден астам елі мүше.