06.05.2025
Оқу уақыты: 1 мин

Астанада Virtus әлем чемпионаты басталды

Бағдаулет Ерғали
Бағдаулет Ерғали
Астанада Virtus әлем чемпионаты басталды

Астанадағы «Даулет» теннис орталығында зияткерлік дамуында ерекшелігі бар жандар арасында Virtus әлем чемпионатының шымылдығы түрілді. Бұл – Азия құрлығында алғаш рет ұйымдастырылып отырған осындай деңгейдегі турнир.

Қазақстан теннис федерациясының вице-президенті Диас Досқараев жарыстың ашылу салтанатында елімізде инклюзивті спортқа ерекше назар аударылып жатқанын атап өтті:

«Соңғы үш жылда арбада отырып ойнайтын теннисшілерге арналған бөлімдер еліміздің сегіз қаласында ашылды. 2024 жылы ұлттық құрама жасақталып, алғаш рет әлем чемпионатының іріктеуіне қатысты. Қазірдің өзінде екі спортшымыз әлемдік рейтингтің ТОП-200 қатарына енді. Бұл жолғы турнирге қатысушыларға сәттілік тілеймін».

Жарысқа Қазақстанмен бірге Бельгия, Аустралия, Польша, Италия, Ұлыбритания, Үндістан және Франциядан келген 50-ден астам спортшы қатысуда. Бәсекелер үш санат бойынша өтеді:

  • II1 — жеңіл дәрежелі ақыл-ой кемістігі бар спортшылар;
  • II2 — Даун синдромы бар спортшылар;
  • II3 — аутизм спектрі бұзылысы бар спортшылар.

Финалдық матчтар 10 мамырда өтеді. Турнирдің бас серіктесі — «Верный Капитал».