04.02.2026
Оқу уақыты: 1 мин

Астанада Қазақстан құрамасы ойыншыларының қатысуымен айшықты шаралар өткізілді

Астанада Қазақстан құрамасы ойыншыларының қатысуымен айшықты шаралар өткізілді

Бұл күндері Астанада Қазақстан құрамасы Дэвис кубогы І әлемдік тобы аясында Монако командасымен өтетін алдағы матчқа әзірлікті жалғастыруда.

Қалыптасқан игі дәстүр бойынша Қазақстан теннис федерациясы ұлттық команда ойыншылары мен жас спортшылар үшін айшықты да есте қаларлықтай іс-шаралар ұйымдастырды.

Шеберлік сағаты барысында әрбір жас теннисші Қазақстан құрамасы ойыншыларымен бірге жаттығып, ойын техникасы мен тактикасы жөнінде сауалдар қойып, сондай-ақ кәсіпқойлардан құнды кеңес алуда бірегей мүмкіндікке ие болды. Жаттығудан кейін қолтаңба алу мен фотосессия өткізіліп, спортшылар өз ойларымен бөлісіп, жас әріптестеріне қолдау көрсетті. Мұндай кездесулер балалар арасында үлкен қызығушылық туғызып, жеткіншек ұрпақ арасында тенниспен айналысушылардың көбейіп, осы ойын түрінің кеңінен қанат жаюына жәрдемдеседі.

Қазақстан құрамасының мүшесі Тимофей Скатовтың «Алау» мұз айдыны сарайында болуы ерекше оқиғаға айналды. Ол шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасының жаттығуында болып, бірнеше теннис соққысын көрсетті. Ал спортшы шорттрекшілер өз кезегінде тікелей мұздың үстінде теннис ойнап көрді. Кездесуден кейін Тимофей жуық арада Италиядағы қысқы Олимпиада ойындарында жүлде үшін таласатын қазақстандық атлеттерге сәттілік пен табыстар тіледі.

Beeline Janymda. Спортта және желіде тұрақты мобильді қолдау.
Lexus. Experience Amazing
Әр сағат сайын A’SU ішіңіз